«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Иранға азық-түлік өнімдері экспортталады

2017 жылғы 31 Қазан
- Қызылорда облысы
1372 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен Гулистан провинциясының сауда-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы палатасы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегацияның Иран Ислам Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында екі елдің кәсіпкерлік саласындағы Палаталары әріптес болып, ынтымақтаса жұмыс жасауға келісті.

Атап айтқанда, Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов пен Гулистан провинциясының сауда-өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы палатасының вице-президенті Оразджон Шомали экономикалық ынтымақтастықты – екі ел арасындағы интеграцияның негізгі қозғаушы күші ретінде тани отырып, тиімді әріптестікке негізделген қарым-қатынастарды нығайту және дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов:

«Бұл Меморандум арқылы қос елдің Палатасы инвестиция, тауарлар мен қызметтер саудасын кеңейтуге, бір-бірімізбен кәсіпкерлік саласында тәжірибе алмасуға келістік. Мұнан өзге, сапар барысында біздің «Сыр маржаны» ЖШС мен «Ақтөбе және К» ЖШС-і Иранға ет, күріш жеткізетін болып бірнеше сол елдің кәсіпкерлерімен келіссөздер жүргізіп, Меморандумдарға қол қойды», - дейді.

Айта кету керек, ет комбинатын салу мақсатында «Сыр маржаны» ЖШС-гі бүгінде Иран Ислам Республикасының «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясымен келісімге келіп, ет комбинатының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үстінде. Сондай-ақ, осы компаниямен жасалған келісімдерге сәйкес биыл, қаладағы «Күшімбаев Агро» ауыл шаруашылығы кооперативі «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясына 812 бас қозыны экспортқа шығарды.

Биыл біздің дихандарымыз Иран Ислам Рес­пуб­­ли­касына «Торем Хошеми» сортынан 60 тонна күріш экспорттайды деп жоспарлану­да. Ал 2020 жылға қарай ирандық күріш алқап­та­рын облыста 5 мың гектарға дейін ұлғайтып, экспорт көле­мін 8 мың тоннаға жеткізу көзделіп отыр екен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер