Концессиялар – ауқымды қаражатты талап ететін жобалар.

Сенімді басқару – мемлекеттік мүлікті ақы төлеу отырып басқаруға өткізіп беру.

Лизингті келісімшарт – келешекте сатып алу мақсатында жалға алу (мысалы медициналық жабдықты лизингке беру);

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастыру жұмыстарының келісімшарты – жаңа технологияларды жасау, стартап-компанияларды құру, мысалы мектептер мен жоғары оу орындарының базасында жүзеге асыра алады.

Тіршілік кезеңіндегі келісімшарттар – келісімшарттың жарамдылық мерзімі ішінде балабақша және аурухананы жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалануға беру.

Сервистік келісімшарттар – емханаларда медициналық жабдықтарға қызмет көрсету және жаңарту.

Мемлекеттің жобаларға қатысу формасы: жер учаскелері (нысан құрылысы үшін), мемлекеттің меншігіндегі нысандарды пайдалануға, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік нысанының коммуникациясын жүргізуге, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік компаниясын құруға және оның қызметіне қатысуға құқық беру.